Госорганы

Асқар Забикулиннің отбасына білім гранттары бөлінді

Қазіргі уақытта отандық екі ЖОО грант беруге дайын екенін білдірді

Өзгелердің өмірін құтқарып, өзі көз жұмған Асқар Забикулиннің отбасына білім гранттары бөлінді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәлімдеуінше, Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті Асқар Забикулиннің балаларына орта мектепті бітіргеннен кейін кез келген бакалавриат мамандықтарында жоо грантында оқуға мүмкіндік бермек.

Сондай-ақ, балалары 2023 жылы жазда университеттің жатақханасында тұрып, IT-лагерьге және жазғы тілдік мектепке қатыса алады. Әйелі Анель Забикулина үшін «Адам ресурстарын басқару» мамандығы бойынша МВА-да оқуға грант бөлінді.

Батырдың әйелі Анель Забикулинаның МВА бағдарламасында оқуға толық грантын AlmaU да бөлді.

Другие новости

Back to top button