Госорганы

«Әскери құрылыс» АҚ басшысы туысқандарымен бірге 596 млн теңге жымқырды деп айыпталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Әскери құрылыс» АҚ бұрынғы президенті Е. Тәжиденовтың және басқалардың басшылығымен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

11 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Оның ішінде туған ағасы мен жиені, сондай-ақ Тәжиденовтың қарамағындағы «Әскери құрылыс» ЖШС мен оның Астана қаласы бойынша филиалының қаржылық және корпоративтік қызметіне жауапты қарамағындағы адамдар бар.

Олар тауарлар мен қызметтерді сатып алуға, өтеусіз қаржылық көмек көрсетуге үлестес компаниялармен жалған шарт жасасу арқылы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктенеді.

Залалдың жалпы сомасы — 596 млн теңге.

Оны өтеу мақсатында қылмыстық жолмен алынған мүлікке тыйым салынды.

Қазіргі уақытта айыпталушылар сотқа берілді.

Другие новости

Back to top button