ГлавноеНазначения и отставки

Асхат Оралов ҚР Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті

Президент Жарлығымен Асхат Оралов ҚР Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалды», — делінген Жарлықта.

Айта кетсек, 4 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Абаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі қызметінен босатылды.

Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаменті жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы болып бастаған. Осы жылдар ішінде «Нұр Отан» партиясы филиалында, Астана қаласының жастар саясаты басқармасында, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде, Қоғамдық даму министрлігінде қызмет етті. 2019 жылы Павлодар облысы әкімінің орынбасары болды. 2020 жылдың шілдесінен бастап Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.

2021 жылдың 12 шілдесінен бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2022 жылдың ақпанында AMANAT партиясының жауапты хатшысы болып тағайындалды.

Другие новости

Back to top button