Культура

Асхат Аймағамбетов ерекше баланың тұсауын кесті

Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов ерекше баланың тұсауын кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

«Бүгін Балаларды оңалту ұлттық орталығының жұмысымен танысып, бұл саладағы көкейкесті проблемалар мен оларды шешу жолдары туралы талдау жасалды. Орталықтың жұмысымен танысу барысында емделіп жүрген жас батырдың тұсауын да кестік», — деді депутат.

Аймағамбетов осы саладағы бірнеше проблеманы атады:

1. Бөлінетін қаражаттың жеткіліксіздігі.

— Осындай орталықтарға бюджеттен бөлінетін тарифтің көлемі жеткіліксіз, ол сапаға кері әсерін тигізіп жатыр.

2. Протез және ортез жасауда қолданылатын заманауи технологиялар мен өндірістердің жеткіліксіздігі. Бұл да сапаға әсер етеді.

3. Мамандардың жалақысы мен тұрақтылығы:

— Оңалту саласындағы мамандардың жалақысының төмендігі және кадрлардың тұрақтылығы мәселесі де шешілмеген.

4. Ауытқуларды ерте анықтау жүйесінің жеткіліксіздігі.

— Бұл жүйе тиімді жұмыс істемесе, балаларды толығымен оңалту мүмкін болмайды.

5. Өңірлердегі осындай орталықтардың жетіспеушілігі мен қолжетімділігінің төмендігі.

— Қосымша орталықтар ашу керек.

6. Дегенмен балаларды оңалту бойынша жүйе қалай болса да бар, ал 18 жастан асқан азаматтарды оңалту мүлдем қарастырылмаған.

7. Орталықтың инфрақұрылымы:

— Ұлттық орталықтың автобусы жоқ екені айтылды, бұл балаларды концертке, киноға, басқа жерлерге апаруды қиындатады.

«Кітапханасында кітаптардың, әсіресе мемлекеттік тілдегі әдебиеттің жетіспеушілігі де маңызды мәселе болып тұр.Ажар Ғиниятқызының үлкен тәжірибесі, біліктілігі мен іскерлігін ескере отырып, осы орталықты басқаруы республикалық көлемдегі балаларды оңалту бағытын жаңа деңгейге жеткізуге үлкен септігін тигізеді деп сенемін. Бұл мәселелерді шешу үшін кешенді шаралар қабылдау қажет. Осы бағытта тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс атқарамыз», — деп айтты депутат Асхат Аймағамбетов.

Другие новости

Back to top button