ГлавноеГосорганы

Арыстан Мұхамедиұлына қатысты ашық соттың қашан өтетіні белгілі болды

Экс-министрге «бюджет қаражатын жымқырды» деген айып тағылып отыр

ҚР Ұлттық музейінің бұрынғы басшысы, ҚР Мәдениет және спорт экс-министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты қылмыстық іс Байқоңыр ауданының № 2 Астаналық сотында қаралады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Байқоңыр» ауданының № 2 сотының өндірісіне А.Мұхамедиұлы, А.Ш. Нұразхан, А.Қ.Көшенов және А.Т.Сәдуақасова бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен айыптау бойынша қылмыстық іс қабылданды», – делінген сот хабарламасында.

Осы қылмыстық іс бойынша бас сот талқылауының басталуы 2023 жылғы 17 сәуірде сағат 10:00-ге белгіленген. Сот процесі ашық болады.

Айта кетейік, 2022 жылы 29 мамырда Арыстан Мұхамедиұлының қамауға алынғаны белгілі болды. Оған қатысты халықаралық көрмелерді өткізуге бөлінген 140 млн теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдік бойынша қамауға алуға санкция берілді.

Другие новости

Back to top button