Госорганы

«АрселлорМиттал Теміртау» активтерін қайтару келісімі бірнеше көзден қаржыландырылады

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейін өтіп жатқан баспасөз мәслихатында «АрселлорМиттал Теміртау» активтерін қайтару келісімі бірнеше көзден қаржыландырылатынын айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy тілшісі.

«Бұл жағдайда келісімді бюджеттік немесе квазимемлекеттік сектордың қатысы болмайтындай етіп құрылымдаймыз. Яғни, осы келісімді ұйымдастыруға қаржы тарту арқылы құрылымдаймыз», — деді ол.

Оның айтуынша, келісімді ұйымдастырушы компания бекіткен.

«Келісімнің тараптары – Қазақстан Республикасы мен «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы. Қазақстан тікелей келісімнің бір тарапы бола алмайды. Қандай да бір заңды тұлға болуы керек. Оны біз анықтадық. Қазір заңдық жағын пысықтап жатырмыз. Ол ұйымдастырушының кім екенін айта алмаймын. Өйткені «Арселормен» құпиялық туралы құжатқа қол қойғанбыз. Бұл 100 пайыз Қазақстан Республикасы бақылайтын компания», — деді Қанат Шарлапаев.

Сондай-ақ ол келісімнің шарттарын нақтылауға құқығы жоқ екенін айтты.

«Әңгіме айтарлықтай елеулі транзакция туралы болып тұр. Бұл – күрделі процедура.  Біз 32 мың адам жұмыс істейтін ірі кәсіпорындардың бірі туралы айтып отырмыз. Бізде осы келісімді ұйымдастырудың бірнеше қаржыландыру көзі болады. Мен қандай да бір сома аламыз деп қарабайырлап айта алмаймын. Мемлекетте әзірше ол ақпаратты ашып айту мүмкіндігі жоқ. Өйткені бәріміз құпиялық туралы келісімге бағынышытымыз», — деді Қанат Шарлапаев.

Другие новости

Back to top button