Алматы қаласының полициясы белгілі композитор Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы – Абылай Дүйсеннің қазасы бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бұл факті бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр», — деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.
Естеріңізге салайық, кеше өнер жұлдыздары Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы көз жұмғанын хабарлады. Әнші Мақпал Жүнісова композитордың ұлын біреулер қастандықпен өлтірді деп жазған. Ал продюсер Баян Мақсатқызы Арман Дүйсеновтің ұлы екі апта бұрын оған қоңырау шалып, көмек сұрағанын айтты.
Композитор Арман Дүйсенов 2023 жылғы қаңтарда қайтыс болған еді.