Актюбинская область

Ақтөбеде емхана дәрігері шатасып тірі адамды өлілердің қатарына қосып жіберген

Зейнеткердің банк есепшоты түгел бұғатталыпты

Ақтөбенің 68 жастағы тұрғыны өзінің «қайтыс болғанын» емхана дәрігерінен естіп есеңгіреп қалыпты. Пациентті тексеру барысында оның цифрлық құжаттары түгелдей бұғатталғаны анықталған. Сондай-ақ, зейнеткердің банк есепшоты да қолжетімсіз болып қалған деп хабарлады «Астана» телеарнасы.

«Суыт хабарды» естіген қария дереу Халыққа қызмет көрсету орталығына барған. Ондағылар «Сіз қайтыс болғансыз, мына жерге қалай келдіңіз» деп әзілдепті.

Белгілі болғаны, тірі адамды өлілердің қатарына өзге емханадағы дәрігер қосып жіберіпті. Жұмысынан штасқан маман зейнеткердің ЖСН номерінен жаңылысқан.

Другие новости

Back to top button