Западно-Казахстанская область

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы әкімдік ресми Facebook әлеуметтік желісінде мәлімдеді.

«Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс – шараларды өткізу үшін өзімді ТЖ жою басшысы етіп тағайындаймын», — делінген аудан әкімі Нұрлан Қызбергеновтің шешімінде.

8 сәуірге қараған түні Ақтөбе қаласында және Ақтөбе облысының алты ауданында ТЖ режимі енгізілгені белгілі болды.

Другие новости

Back to top button