Ақтаудағы ұшақ апаты: қылмыстық іс үш елде жүргізіліп жатыр
Әзербайжанның Бас прокуроры AZAL ұшағының апатына байланысты Қазақстан, Ресей және Әзербайжанда қылмыстық істер қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Әзербайжанның Бас прокуроры Кямран Алиев айтты.
ТЕРГЕУ ЖҮРІП ЖАТЫР
Оның сөзінше, тергеу амалдары жалғасып жатыр, ал Қазақстан мен Әзербайжан жүргізген тергеулердің нәтижелері елдер арасында талқыланып жатыр, деп жазады Minval.
“Қазақстан, Әзербайжан және Ресейдің тиісті құрылымдары дәлелдер жинады, олар кейін кінәлі тұлғаларды анықтау үшін бірлесіп талданады. Қазіргі уақытта Ресейдің Тергеу комитеті және Бас прокуратура осы бағытта тиісті тергеу шараларын жүргізіп жатыр”, – дейді Алиев.
БҰҒАН ДЕЙІН
Бразилия Қазақстанға қара жәшікті зерттеу қорытындысын бергені белгілі болған еді. Себебі Бразилияда Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктерін талдау аяқталған.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, Бразилияның әуе күштері Embraer ұшағының қара жәшіктерін талдауды аяқтап, материалдарды Қазақстанға жіберген.
Материалды Бразилияның үш тергеушісі, сондай-ақ Әзербайжан мен Ресейдің агенттері талдаған.
Апатты талдауға және тергеуге жауапты мекеме қара жәшіктегі материалдарды қазақстандық авиациялық апаттарды тергеу органына жіберді және апат туралы қорытынды есеп жарияланады.
АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ
25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты.
Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы. 29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.