ҚауіпсіздікҚауыпсіздікОтношенияСоциум

Ақтауда ұшақ апатынан зардап шеккендерге көмек: «AMANAT» мүшелері мен жастар қан тапсыру үшін кезекте тұр (ВИДЕО)

«AMANAT» партиясының мүшелері мен жастар қанатының белсенділері Ақтауда ұшақ апатынан зардап шеккендерге көмектесу үшін қан тапсыруға ұмтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазір «AMANAT» партиясының мүшелері мен жастар қанатының белсенділері қан тапсыру орталығында кезек күтіп тұр.

«Ұшақ апатында туыстары мен жақындарынан айырылған адамдардың орны толмас ауыр қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтамыз. Бүгін партияластарымыз марқұмдардың рухына тағзым етіп қана қоймай, зардап шеккен жандарға қажет қан тапсыруда. Барша азаматтың тезірек сауығып кетуін тілейміз», – деді «AMANAT» партиясының Жастар рухы жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова.

Айта кетейік, бүгін Ақтау маңында Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 69 адам болған, оның ішінде 5 адам – экипаж мүшесі. Әзербайжан азаматы – 42, Ресей азаматы – 16, Қазақстан азаматы – 6, Қырғызстан азаматы – 3.

Другие новости

Back to top button