Мангистауская область

Ақтауда жасөспірімнің басынан оқушылар аяусыз тепкілеген

Оқиға күндіз көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің жанында болған

Ақтауда жасөспірімнің басынан аяусыз тепкілеген бір топ оқушы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оқиға күндіз көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің жанында болған.

Әуелі Instagram-ға салынып, артынша өшірілген бұл бейнекадрде бір оқушыны бір топ мектеп оқушысы тепкінің астына алғанын анық көруге болады. Ер баланы мектеп формасын киген 3 жігіт жерге жығып салып, үстіне секіріп, басынан асқан қатыгездікпен тепкілеген. Ал қалған 3 жігіт ажыратпай, керісінше қарап тұра берген.

Polisia.kz-тің Telegram-арнасында оқушылардың ұсталғаны жарияланды.

«Бұл дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі «Бұзақылық» бойынша СДТБТ-де тіркелген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтау қаласының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері осы оқиғаға қатысушыларды ұстады», — делінген хабарламада.

Анықталғандай, жастар арасында ауызша жанжал болып, арты төбелеске ұласқан.

 

Другие новости

Back to top button