Мангистауская область
Ақтауда ер адам балалардың көзінше әйелін тепкінің астына алды
Ер адамның әйеліне шабуыл жасаған сәті көпқабатты тұрғын үйдегі бейнекамераға түсіп қалған. Болған жағдайға қатысты Маңғыстау облысы полиция басқармасы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Видеодан еркектің әйелінің қолын бұрып, ауызын жауып жатқанын көруге болады. Олардың жанында екі кішкентай бала бар. Ер адам жақын маңда бөтен адамдардың жоқ екеніне көз жеткізу үшін әйелді босатып, есікті ашып, жан-жағын барлайды. Сөйтіп ойға алғанын жалғастырмақ болады.
Видеода ерлі-зайыптылардың жанынан тұрғындардың бірі өтеді. Видеодан әйел мен балалардың шыңғырып, жылаған даусы естіледі.
Ер адам әйелді лифтке күштеп кіргізіп, шашынан тартып, жұлқылайды. Осы сәтте тағы бір тұрғын келіп қалып, әйел ер адамды қуып жібереді.
Облыстық полиция департаменті ер адамның іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.
Бұған дейін Астанада белгісіз ер адам әйелге шабуыл жасаған еді.