Мангистауская область

Ақтауда екі адамды өлтірген жігіт өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Оқиға өткен жылдың тамызында болған

Ақтауда екі бірдей адамды бауыздап өлтірді деп айыпталған сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыстық оқиға 2022 жылдың тамызында болған.

«Ақтау қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталушыны ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» және 120-бабы «Зорлау» бойынша кінәлі деп таныды», — делінген сот хабарламасында.

Lada.kz жазуынша, 2022 жылдың 17 тамызында әлеуметтік желілерде полиция Ақтау қаласының 14-шағынауданында барлық шығу жолдарын жауып, әрбір көлікті тексерген видео тараған болатын. Сол күні тәртіп сақшылары ер адам мен әйелді өлтірген күдіктіні іздеп жатқанын мәлімдеді. Полицейлер күдікті қылмыскер ұсталғанын, оның үстінен «Бір немесе бірнеше адамды өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Куәгерлердің айтуынша, жігіт пен қыз бір тәулікке пәтер жалдаған. Кейін олардың қатарына тағы бір қыз бен жігіт келіп қосылған. Алайда артынша ер адамдардың бірі сүйіктісін қызғанып, кек алу үшін сол қыз бен «бәсекелес» болған жігітті пышақтап тастайды. Екі бірдей адамды өлтіргеннен кейін ер адам екінші қызды пәтерде ұстап отырған. Тірі қалған бойжеткен артынша қашып құтылған.

Күдікті қашып кетпек болған, бірақ полицейлер оны тауып, қолға түсірген.

Другие новости

Back to top button