Происшествия

Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы көз жұмды

Бұл туралы зауыттың Instagram парақшасында жарияланды

Ақсу ферроқорытпа зауытындағы​ балқыту цехында жарақат алған жұмысшы көз жұмды деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

20 желтоқсан күні сағат 08.21-де Ақсу ферроқорытпа зауытындағы​ балқыту цехында конвейер жабдығына қызмет көрсету кезінде жазатайым оқиға болып, слесарь-жөндеуші жарақат алды. Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылып, зардап шеккен адам Ақсу орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Ер адам жансақтау бөлімінде көз жұмды.

«Оқиға туралы мемлекеттік мекемелерге хабарланып, тергеу басталды. Жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. «Қазхром» ТҰК» АҚ басшылығы мен ұжымы марқұмның туғандары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Отбасына барлық қажет көмек көрсетіледі», — делінген зауыттың желідегі парақшасында.

Другие новости

Back to top button