Выбор редакцииСоциум

АҚШ: Қытай және Ресеймен соғыс болуы мүмкін

АҚШ конгресінің стратегиялық жоспарлау комиссиясының 145 беттік құжатында Құрама Штаттары Ресей және Қытаймен орын алып қалуы ықтимал бірмезеттік соғысқа дайын болу керектігі сөз етіледі.

Құжатты дайындаушылар: «Бүгін Құрама Штаттары егер қажет ететін болса, халықаралық ахуалдың статус-кво-сын өзгертуге дәмесі зор бір емес, қос ядролық қуатты өзімен деңгейлес бәсекелестің өз жолын кесетін дәуірдің қарсаңында тұр. Бұл жағдайдың туындауын Құрама Штаттары алдын ала аңғара алмай қалды әм бұған мүлде дайын болмай қалды», — деп есептейді

Reuters-ке осы мәліметті берген аталған құжатты дайындауға атсалысқан жоғары шенді дерекші  ауыз жаласып алған Ресей мен Қытайды сабаларына түсіру үшін АҚШ екі жақты соғысты жүргізуге тас-түйін дайын болуы керек.

Құжат авторлары Ресей мен Қытай жағынан туындайтын қауіп 2027-2035 аралығында мүлдем күшейе түсетіндіктен осы бастан оның алдын алуға кірісіп кету қажет деп санайды. АҚШ пен оның одақтастары екі бірдей қарсыласты теужеу мен тұмсығын тасқа соқтыру үшін осы бастан қолдан келген шараның бәрін қолдануға тиіс делінген ой осы құжатта сөз етіледі.

Конгрестің стратегиялық жоспарлау комиссиясы АҚШ билігіне «бюджеттік хал-ахуалға» псықырып қарамай әдеттегі қару-жарақ шығаруды арттырып, ядролық қаруды модернизациялауды ұсынды.

Abai.kz

Другие новости

Back to top button