Акмолинская область

Ақмола облысында қазандық жарылып, ауруханаға түскен жұмысшы көз жұмды

19 қарашада Ақмола облысында қазандық жарылып, ауруханаға түскен жұмысшының қайтыс болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

18 қарашада Аршалы ауданы Аршалы ауылында Жұмабек Тәшенов атындағы орта мектепте жекелей орналасқан от жағатын орталығында қазандық жарылды.

Оқыс оқиға кезінде үш адам зардап шекті: шаруашылық жөніндегі меңгеруші, электр маманы және от жағатын жұмысшы. Олар ауруханаға жатқызылып, барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқаны хабарланған.

Білім басқармасы мектеп қазандығының жарылуы кезінде балалар зардап шекпегенін хабарлады. Олар қашықтықтан оқыту форматына көшті.

Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Малғаждар Тәткеевтің төрағалығымен жедел штаб құрылды.

Оқиға орнына білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов келді.

 

Другие новости

Back to top button