Аптасына 130 мың теңге табыс: Қазақстанда «онлайн жезөкшелік» нарығы үдеп барады
Вебкам модель болып жұмыс істеу туралы жарнамалар көп ақша табуды насихаттаудан басталады. Қазақстанға бұл индустрия соңғы 3-4 жылда кірікті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Вебкам түсінігі батыста 90 жылдардың басында пайда болған. Ал Ресейге 2000 жылдардың басында келді. Web-modeling — ақшалай сыйақы үшін модель мен оның көрермені арасындағы онлайн байланыс.
Вебкам модельдер офлайн түрде жұмыс істейтін студиялардың қызметшілерді жұмысқа алуы туралы хабарламалар жариялайды. Астана және Алматы қалаларында осындай студиялардың арнайы сайттары да бар.
Олардың кеңселері элиталық зәулім үйлерде орналасады. Терезелері тұмшаланған пәтерлерде жасырын студиялар болуы әбден мүмкін.
Көп жағдайда қазақстандық веб модельдер батыс нарығы үшін жұмыс істейді. Сайтта елдерді бұғаттайтын арнайы қосымшалар бар. ТМД елдерін туыс пен таныстың көзінен таса болуы үшін бұғаттап тастауға болады. Орталық Азиядағы мәдениет пен сән жайлы жазатын сайт (Springcentral.asia) Қазақстандағы вебкам модельдер жайлы материал жариялаған. Осы индустрияда жұмыс істеген бірнеше «модель» қызметінің сырын ашқан. Модельдер үш ауысыммен жұмыс істеген. Әр ауысым 6 сағаттық жұмысқа тең. Тіркелген сайт табыстың 50 пайызын, студия 20 пайызын ұстап отырған. Ал онлайн клиенттерден түскен өзге қаражат қызмет көрсетушінің қалтасында қалады. Тісқаққан модельдер бір жылдан кейін аптасына 130 мың теңге табуға болатынын айтып берген.
Көбінесе вебкамды жезөкшелікпен байланыстырады. Алайда физикалық байланыстың болмауы және толық қауіпсіздікте болу — бұл салалар арасындағы басты айырмашылық. Вебкамда ешкім қызды өзі қаламайтын нәрсені жасауға мәжбүрлемейді.
Қазір әлеуметтік желіде танымал блогерлердің арасында да вебкам модель болған жас қыздардың саны аз емес. Мәселен, Juzzefina атымен танымал блогер Жұлдыз Жауынбаева вебкам қызметінде Or1ka лақап атымен танымал болған. Ресейлік сайтта ол бар видео 1,6 млн қаралым жинаған. Сайтта Қазақстаннан басқа ондаған ел бар. Алайда оның қызметі жайлы көпшілік біліп қойып, 2023 жылдың соңында блогер үлкен буллингтің астында қалды. Кейін ол осы жағдайға қатысты депрессияға түскенін жеткізген. Вебкам модель болған қазақ қыздарының видеосы ВК желісінде де өріп жүр.
Қазақстанда вебкам модельдерді және студияларды ұйымдастырғандарды жазалауға арнайы заңның бабы қарастырылмаған. Алайда 2019 жылы Алматы полициясы Медеу ауданында орналасқан элиталық тұрғын үй кешенінің екі пәтерінен алғаш рет вебкам модельдердің студиясын анықтаған болатын. Студияда қызметке делдал болған қырғызстандық модельдер мен бағдарламашы ұсталды. Қыздар өз тәнін камера арқылы АҚШ пен Еуропа сайттарында онлайн саудалаған.
Ол бойынша Қазақстан Қылмыстық Кодексінің 311-бабы «порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату» бойынша іс қозғалған еді.