Нур-Султан

«Әпкесінің еміне ақша қажет болған»: Астанадағы Kaspi банкін басып алу жағдайын көрген куәгер оқиғаны баяндады

Елордалық сотта Kaspi банктің бөлімшесінде адамдарды кепілге алу туралы іс бойынша куәгерден жауап алынды. Сотталушы Әлихан Мұрадовпен келіссөздер жүргізген полиция департаментінің қызметкері оқиғаны баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады. 

 

18 маусымда психологиялық қызметте жұмыс істейтін Рамазанов оқиға орнына барған. Мұрадов сол кезде журналистпен сөйлескісі келетінін айтты.

«Журналист таба алмағасын өзім кіремін деп шешім қабылдадым. Менде оқ өтпейтін жилет болды, онда «баспасөз» деп жазылған. «Әлихан, не болып жатыр?» деп сұрадым” – деді ол.

Күдікті одан оқ өткізбейтін жилетін шешуін сұраған. Алғашында өзін агрессивті ұстағанымен, содан соң куәгерге ашылып сөйлей бастапты.

Әлихан Мұрадов қойған талаптардың бірі – оның әпкесін Алматының үздік клиникасына емделуге жіберу болды. Оның айтуынша, әпкесі қатты ауырып жатыр.

«Мен оның жанды жері бала екенін түсіндім. Себебі қанша балам барын сұрады. Содан кейін мен оның тапаншаның түймесін баспайтынын түсіндім», – деп қосты куәгер.

Оның айтуынша, Мұрадовтың жанында пышақ, тапанша тәрізді зат болған. Ер адам шамамен бір сағат бойы сонымен тілдескен, содан кейін ғимаратқа шабуыл басталып, кепілге алынған адамдар шығарылды, ал Мұрадов ұсталды.

Другие новости

Back to top button