ГлавноеГосорганы

«Әперген қымбат сыйлықтарын міндет қылған»: Прокурор Салтанат Нүкенова өлтірілген күні нақты не болғанын айтып берді

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау барысында айыптаушы тарап сотқа Салтанат Нүкенованың өлімі қалай және қандай жағдайда болғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Прокурордың айтуынша, кісі өлтірілген күні Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенова Астанада концертте болған. Олардың арасында жанжал туындаған. Артынша олар бірге мейрамханаға барып, ол жерде жанжал жалғасқан. Нүкенова Бишімбаевты тастапғысы келетінін айтып, ағасына хабарлама жіберген.

“Бишімбаев мас күйінде Нүкенованың басынан қатты соққылармен ұрған. Содан кейін оны тепкілей бастаған. Нүкенова қашуға әрекеттеніп, бөлмелердің біріне тығылған. Алайда Бишімбаев есікті қағып, оны қайтадан ұрып-соққан», — деді мемлекеттік айыптаушы.

Нүкенова бірнеше рет есін жиғанымен, сотталушы оны ұрып-соға берген.

Сондай-ақ аса ауыр қылмысты жасырды деп ағайынды Бишімбаевтар айыпталуда.

“9 қарашада аса ауыр қылмыс жасаған соң Бишімбаев гастроцентр директоры Байжановқа телефон соғып, себебін түсіндірместен жұмысқа келуге бұйырған. Гастроцентрге жеткенде Байжанов ес-түссіз жатқан және табиғи емес сырылдар шығарған Нүкенованы көрген. Сондай-ақ оқиға орнында қан мен жұлынған шаш табылған. Бишімбаевтың өтініші бойынша олар Нүкенованы орнынан көтерген. Сол кезде Нүкенованың денесі мүлде қозғалмаған, иілмеген. Қызды диванға жатқызып, бірнеше сағаттан соң Байжанов Нүкенованың қайтыс болғанын білген”, – деді айыптаушы.

Айыптау қорытындысында бұрынғы министрдің ағасы Бақытжан Байжанов қауіпсіздік қызметкерлеріне Гастроцентрдегі барлық бейнематериалдарды өшіруді тапсырып, қылмыс туралы дер кезінде хабарламағаны айтылған.

Сондай-ақ Нүкенованың өлімін жасыру үшін телефонын өзімен бірге алып жүрген. Осылайша ол марқұмның бірнеше уақыт бойы өмір белгілері болмаса да қимыл-қозғалыста болғанын көрсеткісі келген.

Жедел-жәрдемді тек кешке шақырған. Келген дәрігерлер Нүкенованың қазасын растаған.

Қуандық Бишімбаевқа келесі баптар бойынша айып тағылды:

  • Қылмыстық кодекстің 110-бабы, 2-бөлігінің 1-тармағы (Азаптау);
  • Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру).

Байжановқа мынадай баптар бойынша айып тағылды:

  • Қылмыстық кодекстің 432-бабы (Аса ауыр қылмысты жасыру);
  • Қылмыстық кодекстің 434-бабы (Қылмыстың болғанын хабарламау).

Сондай-ақ жақында әлеуметтік желілерде Нүкенованың мейрамхана ішінде жалаңаш жүрген видеосы тараған еді. Оған Бишімбаев Bau мейрамханасында әйелімен ұрсысқан кезде оған әперген қымбат сыйлықтарын міндет қылғаны себеп болған екен. Күйеуінің сөздеріне ашуланған Нүкенова Бишімбаев алып берген киімінің бәрін шешіп, іш киіммен жүрген.

Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.

Бүгін Астанада Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті. Алайда Бишімбаев сотта тағылған айыпты мойындаудан бас тартты.

Сондай-ақ сотта Бишімбаевтың Нүкенованы жалаңаш күйде порнографиялық видеоға түсуге мәжбүрлегені айтылды.

Другие новости

Back to top button