Госорганы
АӨСШК: Тоқаев экология мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі конференция өткізуді ұсынды

«Азия үшін экономиканы көміртексіздендіру мәселесі өте өзекті болып табылады. Бұл мәселені шешу үшін бұрын-соңды болмаған көлемде инвестиция қажет. Бір айдан кейін Мысырда СОР27 климат жөніндегі конференция өтеді. Сондай-ақ, 2024 жылы Астанада АӨСШК елдеріндегі экология мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі конференция өткізуді ұсынамын. Осы конференцияның нәтижелері экология саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша АӨСШК кеңесін құру үшін негіз бола алады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитінде.