Госорганы

Антикор басшысының бұрынғы орынбасары жемқорлық күдігімен ұсталды

Ол сыбайлас жемқорлық әрекетін жасады деген күдікке ілінген

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері М. Қожабаевтың ұсталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«2023 жылғы 9 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу шеңберінде жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері М. Қожабаевты ұстады.

Жедел-тергеу шаралары жалғасуда.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды», — делінген ҰҚК хабарламасында.

Другие новости

Back to top button