Госорганы

Антикор Бақытгүл Хаменованың мәлімдемесіне қатысты жауап берді

Бақытгүл Хаменованың ісі бойынша келесі сот отырысы 3 қазанда өтеді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әлеуметтік желілерде таратылып жатқан Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары, сотталушы бақытгүл Хаменованың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан оны негізсіз қудалау туралы мәлімдемесі бар ақпаратқа қатысты жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Өткен жылдың желтоқсан айында Хаменова Мәдениет басқармасының басшысы А.Рысқалиевпен Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны және міндеттемелерді орындау барысында жалпы қамқорлығы үшін «Балқыту» ЖШС директоры У. Адамовтан алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында 4,5 млн. теңге сомасында пара алғаны үшін әшкереленгенін хабарлаймыз», — делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша оның әрекеттері жиналған дәлелдемелерді, оның ішінде жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін, сондай-ақ күдіктілер мен куәлардың тікелей айғақтарын ескере отырып сараланады.

Тағылған айыптың негізділігі мен заңдылығы прокурормен расталды.

Хаменованың және басқа адамдардың кінәсі туралы қорытынды шешімді сот қабылдайды.

 

Другие новости

Back to top button