Социум

Әншілер Алтынбек Қоразбаевқа көлік сыйлады (видео)

Қазақстанның халық әртісі, композитор, әнші Алтынбек Қоразбаев 75 жасқа толды. Композитордың туған күнінде Тоқтар Серіков пен Мейрамбек Бесбаев бастаған шәкірттері ұстазына көлік мінгізді.

Бұл жайлы «Музарт» тобының әншісі Instagram парақшасында жазды.

«Шәкірттеріңіздің атынан «елдің, ағайын-туыстың алдында шаршамай жүрсін» деп, сізге темір тұлпар мінгіземіз», — деді көліктің кілтін ұсынған Тоқтар Серіков. Осыдан соң композитор жұбайымен және шәкірттерімен суретке түскен. Айта кетейік, осыған дейін композитор, әнші Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасқа толғанын айтқан болатынбыз.

 

Другие новости

Back to top button