Культура

Әнші Ақбота Керімбекова Айгүл Иманбаеваны соққыға жыққан

Айгүл Иманбаева өнердегі әріптесі Ақбота Керімбековадан таяқ жегенін мойындады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Алғашқы” бағдарламасына сілтеме жасап.

 

“Менің Жақсыгүл жеңгем мен Ақботаның анасы Бибіажар апа өте жақсы дос. Кейін менің анам мен Бибіажар апа танысып, сыйласып кеткен. Әлі есімде, Көктөбе жақта Ақботаның жер үйі болатын. Сол жаққа мен анам мен жеңгеме ілесіп бардым. Сөйтіп Ақботамен ойнап жүргенімде бір таяқ жегенім бар. Оның есінде бар ма білмеймін, бірақ сол сәт мәңгі көз алдымда қалды. Мен ауылдан келген бұзықтардың бірімін. Сөйтсем қалада менен де бұзықтар бар екен деген ойға келдім”, – дейді әнші, актриса Айгүл Иманбаева.

Отандық әнші Нұрлан Албан да Ақбота Керімбекованың төбелеске жақын болғанын растады.

“Ботаның талай төбелесін көрдім. Институт кезінде Ақбота кішкене тентектеу болды. Жанындағы жоғарғы курс пе, төмен курс па қарамайтын, басынан сөз асырмайтын қыз еді. Басынан сөз асырған жағдайда басқа қыздар сияқты сөзбен ұрысып тұрмайтын, барлығын жұдырықпен шешетін. Қазақта “текті тентек” деген сөз бар ғой. Ақботаны сол текті тентектердің қатарына қосатын едім” , – дейді Нұрлан Албан.

Ақбота Керімбекова өзінің ұрыса алмайтынын, көп мәселені бір жұдырықпен шешетінін жасырмады.

Другие новости

Back to top button