Туркестанская область
Анасы шешімге риза емес: Түркістанда қасапшыны пышақтап өлтірген ер адамға сот үкімі шықты
Түркістанда екі қасапшының жанжалы өлімге ұласты. 23-і күні қылмыстық іске қатысты сот үкімі шықты. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
22 ақпанда Түркістанда екі қасапшы жанжалдасып, біреуі екіншісін пышақтапөлтірген еді. Оған ҚК 99-бабы 1-бөлігі “Адам өлтіру” бойынша 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Дау мал союдан туындаған. Келіспеген екі ер адам қырқысып, ақырында біреуі пышақтап тастаған. Әрі оқиға орнынан қашып кеткен.
Жәбірленушінің анасы 15 жыл сұрайды.
«99 бап бойынша бас бостандығынан айыру 8-15 жылға қарастырылған. Әлі ізденемін. Іштегі ашылмаған нәрселерді шығарамын, кеудемде жаным қалғанша соңына дейін барып, күресемін», – дейді жәбірленушінің анасы.
Қасапшының артында жесірі мен жетім баласы қалды.