АлматыВыбор редакции

“Анам күйеу баласын қылмыстық жазадан құтқару үшін несие алды»: Алматыда ер адам бес жасар қызының көзінше әйелін пышақтап тастаған

Алматы тұрғыны Ирина Веденяпина күйеуінен көрген қатыгездік туралы мәлімдеді. Әйелдің айтуынша, жұбайы бес жасар қызының көзінше оны пышақтап тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ирина Веденяпина желідегі парақшасында биыл 21-мамырда Алматы қаласында орын алған қанды оқиғаны баяндаған. Жазбаға қарағанда күйеуі түн ішінде тұншықтырып, бірнеше жерден пышақ салған. Қансыраған әйелге жедел жәрдем шақырып, өзі пәтерден ізін суытқан.

«Бүгін мен барлық қорқынышымды артқа тастап 2022 жылдың 21 мамырында таңғы сағат 5.30-да қызым екеуміз көрген барлық сұмдықтар туралы айтуға бел будым. Қызым екеуміз бір бөлмеде, бір төсекте ұйықтадық, күйеуім залда ұйықтады. Күйеуімнің мені пышақтайын деп жатқан жерінен ояндым, бір қолымен ол менің аузымды басып, екінші қолымен мойныма пышақ сұға бастады. Қарсылық білдіріп, айқайлауға тырыстым, қолын аузынан алып тастауға әлім келмеді, дірілдедім. Бір уақытта біз еденге құладық. Мен айналамдағы барлық нәрсені ұстадым, бірақ ол мені жібермеді. Аузымнан мықтап ұстап алып, пышақпен соққылай берді», — деп жазды Ирина.

Ауруханаға дереу жеткізілген әйелге ота жасалып, аман қалды. Айтуынша, анасы күйеу баласын қылмыстық жазадан құтқару үшін несие алып, адвокат жалдаған. Тіпті полицейлер күдіктіні үйіне іздеп келгенде көрші учаскеге жасырған.

«Қазір күйеуіммен соттасып жатырмын. Оны анамның адвокаты қорғауда. Ал маған екі жарым аптада бір рет ғана ауруханаға тамақ әкеліп берген болатын», — деді ол.

Сонымен қатар ол күдікті адам өлтіруге оқталғанымен, денеге ауыр жарақат салу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Алматы қалалық ПД аталған қанды оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«Күдікті — 1993 жылы туған В.есімді азамат дереу ұсталды және ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның әрекеті ҚР ҚК-нің 106-бабымен сараланған. 2022 жылдың 19 қыркүйегінде ҚР ҚПК-нің 300-бабына сәйкес қылмыстық іс материалдары айыптау актісімен Алматы қаласы Бостандық ауданының сотына жіберілді», — деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Другие новости

Back to top button