Социум

«Ана тілдеріңді үйреніңдер!»: Якут стендапері орыстілді қазақтарға ақыл айтты

Ньургун Атаков есімді якут стендапері Алматыға келіп, ана тілін білмейтін қазақтарға ақыл үйретіп кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол Алматыда өткен стендап шоуына қатысып, жергілікті халыққа әзілін айтады. Алайда видеодан өз ана тілін білмегенге намыстанған қазақты көре алмадық. Қайта ащы да болса шындықты айтқан стендапердің сөзіне күліп отырды…

…Егер сен орысша нашар сөйлесең, Мәскеуде саған дұрыс қарамайды. Егер Алматыға қоныс аударсам… маған жеңіл болады… бірақ мұнда бәрі орысша керемет сөйлейді. Ресейде сендер ме тұрған, әлде мен бе?.. Маған кейде әжелер қазақ тілінде сөйлеп, бірдеңелерді айтады. Мен «кешіріңіз, мен қазақша түсінбеймін» деймін…

…Өзінің ана тілін – қазақша білмейтін қазақтар, қане, қол соғайықшы (әр жерден қол шапалақтаған дыбыстар шығады). Сендердің кесірлеріңнен мен мұнда қиналып жүрмін (әр жерден күлкі естіледі)! Өз тілдеріңді үйреніңдер! Әйтпесе әлгі әже мені де сендер секілді… деп ойлап қалады, — дейді Ньургун Атаков.

Другие новости

Back to top button