Социум

Америкалық әйел әлеуметтік желі арқылы адамның ұрланған дене мүшелерін сатып келген

АҚШ-та крематорийдің бұрынғы қызметкері, 36 жастағы Кэндис Чепмен Скотт адам денелері салынған 20 қорапты ұрлады деген күдікке ілінде. Қораптарда адамның терілері, бас сүйектері мен ішкі ағзалары болған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі NPRбасылымына сілтеме жасап.

 

Портал мәліметінше Кэндис Чепмен Арканзастағы кремация бойынша коммерциялық қызмет ұсынатын компанияда жұмыс істеген. Компанияның тұрақты клиенттерінің бірі адамның дене мүшелерін зерттеу және білім беру процесінде қолданатын Арканзас Университетіндегі анатомия зертханасы болыпты. Бұл мүмкіндікті пайдаланған әйел адамның дене мүшелерін саудаға шығарған. Арканзас университетінен түскен кезекті тапсырыстан кейін Скотт Facebook-те адамның бальзамдалған миы мен жүрегін сату туралы жазба жариялапты.

Көп ұзамай ағзаларды сатып алушы Пенсильвания штатынан табылыпты. Бұл тауарларды ол 1200 долларға сатып алған. Келесі 9 ай бойы Скотт дәл осы сатып алушыға құлақ, қол, өкпе, бауыр, бүйректер мен омырау, ер адамның жыныс мүшесін, түсіктер мен тері, бас сүйек пен адамның бүтін басын да жіберген. Бұл үшін ол 10 957 доллар алыпты.

ФБР анонимді қоңыраудан кейін сатып алушының кім екенін анықтады. Қоңырау шалған белгісіз адам дене мүшелер салынған шелектерді 40 жастағы Джереми Ли Полдың жертөлесінен тауып алғанын айтқан.

Анықталғандай ер адамның ағзаларды сататын өз сайты болған. Тіпті өзін ағзаларды сақтаумен шұғылданатын маман ретінде таныстырған.

Ал Кэндис Чепмен Скотт жұмыс істейтін компания өкілдері өз қызметкерінің бұл әрекеті туралы білмегенін мәлімдеген.

Тұтқындалған соң Скотт өзіне тағылған алаяқтық және ұрланған мүлікті штат шекарасы арқылы өткізу айыптарын мойындамады. Енді сот отырысы 30 мамырда өтеді.

Другие новости

Back to top button