Культура

«Алтыншысы болады”: Әнші Төреғали Төрәлі желіде жұбайымен түскен видеосын жариялап, жұртшылықтан құттықтау естіді

Қазақстандық әнші Төреғали Төреәли әлеуметтік желіде жұбайымен түскен романтикалық видео жариялады. Жанкүйерлер Толқынның жүкті екенін көріп, таңғала талқылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Видеода жұбайын күткен Толқын мен кейін оған бір шоқ гүл әкелген Төреғалиды көруге болады. Ал Толқынның жүкті екенін көрген жұртшылық жарыса пікір жазып, жұлдызды жұпты құттықтады.

“Тіл көзден сақтасын”, “Керемет жаңалық”, “Тағы да жүкті ме?”, “Бес баласы бар, аман-есен босанса алтыншысы болады”, “Өте әдемі келіскен жұп”, – деді желі қолданушылары.

Еске салсақ, бұған дейін Төреғали Төреәлінің әйелі ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырғанын алға тартқан еді.

Другие новости

Back to top button