Культура

Алтынай Жорабаева: «Қыздардың тәрбиесінде күйеуімнің шаруасы жоқ»

Танымал әнші Алтынай Жорабева “1001 түн” бағдарламасында екінші күйеуінің қыздардың тәрбиесіне қаншалықты араласатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

“Мұғалім, дәрігер сияқты мамандар балаларымен менен қарағанда аз уақыт өткізеді. Олар күні кешке дейін жұмыста, жұмыстан келе сала тамақ әзірлейді. Ал менде күнде концерт жоқ. Керісінше, үйде көп боламын. Біздің үйде айына бір рет міндетті түрде жиналыс болады. Бесеуімізі отырып, біреуінің мінезі шатақ болып жатса, үлкендерден талап етеміз, ортаға саламыз. Оны ұрысып, кейін жылы жауып қоюға болмайды. Қыздардың тәрбиесінде күйеуімнің шаруасы жоқ. Оның үйге мейірімі ғана керек. Ер азаматтың қатал тәртібі керек емес, ананың қаталдығы жетеді. Әкесі сырттағы мәселелерін үйге әкелмей, үйге күліп кірсе болды. Ер азаматтан басқа ештеңе керек емес”, – дейді Алтына Жорабаева.

Другие новости

Back to top button