ГлавноеНазначения и отставки
Алтай Көлгінов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды
Ол 2019 жылдың маусым айынан бері Астана қаласының әкімі қызметін атқарып келді
Алтай Көлгінов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалсын», — делінген Ақорда хабарламасында.
Алтай Сейдірұлы 1978 жылы дүниеге келген. Ол А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.
- 2000 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен;
- 2001-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарады;
- 2008-2010 жылдары — «АлашМедиаГрупп» ЖШС бас директорының орынбасары;
- 2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.
- 2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
- 2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі қызметінде болды;
- 2016-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі;
- 2019 жылдың маусым айынан бері Астана қаласының әкімі қызметін атқарып келді.