Главное

Алматыдағы өзен жағасында фотосессияға түске оқушы өліп қала жаздады

Алматының Бостандық ауданында Проходное шатқалының жағасына келіп фотосессия жасаған 18 оқушының біреуі суға ағып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Алматының құтқару қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 9-сынып оқушысы 15:35-те аяғы тайып, өзенге құлап кеткен.

«Шамамен 15:56-да құтқарушылар қызды 500 метр жерден тауып, алып шықты. Қыз есін жоғалтпаған. Құтқарушылар алғашқы көмек көрсетіп, оны жедел жәрдем бригадасына тапсырды», — деп хабарлайды құтқару қызметі.

Дереккөзге сүйенсек, 9-сыныпты тәмамдап жатқан 18 оқушы ұстаздарымен бірге табиғат аясында фотосессия жасауға шыққан.

Другие новости

Back to top button