
Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті “барахолкада” өрт шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 11 қарашада 10:56 шамасында ТЖД қызметкерлері мен техникалары Жетісу ауданына жіберілген.
«Көлік кептелісіне қарамастан өрт сөндірушілер оқиға орнына 8 минутта келді. Олар бірнеше контейнердің отқа оранғанын анықтады. Дереу өрт сөндіруге кірісіп, газ-түтіннен қорғау қызметі адамдардың бар-жоғына барлау жүргізді. Жағдай бақылауда, бейнебақылау камералары арқылы қаланың өзара іс-қимылының бүкіл күш-құралдары оқиға орнына бағытталған», – деп хабарлады ведомство өкілдері.