Алматы

Алматыда үш өгей қызын зорлаған әкеге сот қандай үкім шығарды

Алматы облысында үш жасар егіздер мен тоғыз жасар қызды зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Зәкиеваның айтуынша, сот ер адаммен қатар қыздардың анасын да ауыр жазаға тартқан.

«Бүгін үш жасар егіз қыздар мен 9 жасар қызды зорлау ісі бойынша соңғы сот отырысы өтті. Былтыр қарашада Алматы облысына барғанда осы оқиға анықталған. Сот қыздарды зорлаған өгей әкені өмір бойы бас бостандығынан айырды. Оның әйелі 25 жылға сотталды», — деп жазды Зәкиева Facebook парақшасында.

Сонымен қатар, осы істе қызметін дұрыс атқармаған бірқатар лауазымды тұлғалардың да жауапқа тартылғаны белгілі болды.

Другие новости

Back to top button