Алматыда соқтығысқан екі автобустың біреуінің техникалық ақауы болмаған — «Алматыэлектрокөлік» ЖШС
Оқиға 8 қарашада Абылай хан даңғылы мен Төле би көшесі қиылысында болды

«Алматыэлектркөлік» ЖШС №201 автобус тежегішінің істен шыққандығы туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Компанияның мәліметінше, қоғамдық көліктер биыл мамыр айында сатып алынған.
«2022 жылдың 23 қыркүйегінде №201 маршруттың автобустарының саны арттырылып, жаңартылды. ЛиАЗ маркалы 18 автобустың орнына 2022 жылы құрастырылған Golden Dragon маркалы 24 автобус жолға шығарылды. Аталған шара жолаушылар тарапынан сұрасныстың артуына байланысты қолданылды.
Автобустар ауыстырылғаннан кейін жүріс интервалы 12 минуттан 6-7 минутқа дейін қысқарды. Аталған автобустар биыл мамыр айында сатып алынды, қазіргі кезде шығарушы зауыттың кепілдемесінде, техникалық ақаулары жоқ, техникалық түйіндері мен агрегаттары, сондай-ақ тежегіштері ақаусыз жұмыс атқарып тұр»,-деп мәлімдеді «Алматыэлектрокөлік» ЖШС .
Айта кетейік, соқтығысқан №201 және № 98 автобустар. Жол-көлік оқиғасынан бір адам қайтыс болып, 17 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Әзірге № 98 қоғамдық көліктің техникалық жағдайына қатысты мәлімет жоқ.