Алматы

Алматыда қыз алып қашу оқиғасына қатысты тергеу басталды

Жәбірленушінің айтуынша, қыз оларға сеніп, көлікке отырған

Алматы қаласы Полиция департаменті қызды ұрлау дерегі бойынша тергеудің басталғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

«Бүгін біздің бөлімшеге А. есімді азаматша келіп, арыз жазды. Дерек тіркелді және тексеру жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, қызға алғашқы іс жүргізуде «көлікке өз еркімен отырғанын, ауылдастарына ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, ішкі істер органдарын неліктен адастырғаны» туралы сұрақ қойылды. Ол достарына сенгендігін айтты. Оқиғаға қатысушылар анықталды, олардың әрқайсының әрекетіне түбегейлі баға беріледі», — деді Алмалы ауданы ПБ бастығы Есен Ысқақов.

Жәбірленушінің айтуынша, қыз оларға сеніп, көлікке отырған.

«Олар мені үйге апарып тастауы керек еді, бірақ басқа бағытқа бұрылды. Осыдан кейін оның ата-анасынан мені үйге қайтарсын деген қоңыраулар түсе бастады. Мені тұратын мекенжайым бойынша үйіме әкелді. Жалпы, мен арыз жазғым келмеді, мен тек олардан: «Мені жайыма қалдырыңдар, мен сендерге тиіспеймін» дедім» — деді қыз.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматыда қыз алып қашу сәтінің видеосы тараған болатын.

 

Другие новости

Back to top button