Алматы
Алматыда қала күніне орай қандай шаралар өтеді

Алматы әкімдігі биыл қала күні қалай тойланатыны туралы айтты. Мегаполисте жәрмеңке, концерт, шоу, фестиваль және тағы басқа дәстүрлі іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды, Zakon.kz.
Жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде Алматыда қала күні тойланады. Биыл мереке осы демалыс күндері өтеді. 16-18 қыркүйек аралығында қала тұрғындары мен қонақтары дәстүрлі іс-шараларды көре алады.
16 қыркүйек
- «Алатау» дәстүрлі өнер театрында сағат 15.00-де республикалық ақындар айтысы болады.
- «Медеу» БСК-де сағат 16.00-де Medeu Party халықаралық стрит-арт фестивалі өтеді.
17 қыркүйек
- «Астана» алаңында сағат 17.00-де «Gakku дауысы» заманауи қазақстандық музыка фестивалі болады.
- Қаланың барлық ауданында мерекелік концерттер өтеді.
- Абай атындағы ҚҰОБТ алдындағы алаңында 17-18 қыркүйек күні сағат 11.00-ден бастап 1940-шы жылдардан бастап қазіргі күнге дейінгі қаланың мәдени-тарихи дәуіріне арналған «Сүйемін сені, Алматы» фестивалі ұйымдастырылады.
18 қыркүйек
- Тұңғыш Президент саябағында сағат 11.00-де «Алма fest» негізгі мерекелік іс-шарасы өтеді. Бұл жерде алма жәрмеңкесі, концерттер және т.б. болады.
- Almaty Arena мұз айдыны кешенінде сағат 18.00-де Salem Almaty концерті өтеді.
- «Астана» алаңында сағат 19.00-де Zhuldyzdy Live концерті өтеді.