Алматы

Алматыда мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы өседі

Алматы қаласы мәдениет басқармасының ұйымдары мен кәсіпорындары қызметкерлерінің жалақысын 30%-ға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Алматы мәслихаты осы жылдың тамыз айынан бастап Алматы қаласы мәдениет басқармасының ұйымдары мен кәсіпорындары қызметкерлерінің жалақысын 30%-ға ұлғайту туралы шешім қабылдады.

Атап айтар болсақ, хайуанаттар бағы, цирк, қуыршақ театры, «Алатау» дәстүрлі өнер театры, мемлекеттік мұрағат, кітапхана, музейлер бірлестігі, «Алматы әуендері» қызметкерлерінің еңбекақысы өседі. Қазіргі уақытта мәдениет саласы қызметкерлерінің орташа жалақысы – 138 мың теңге.

Алматы мәдениет басқармасының хабарлауынша, жалақыға байланысты жас мамандар жұмыстан жиі кетеді. Сондықтан Алматы қаласы мәдениет басқармасының ұйымдары, кәсіпорындары қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу мәселесі Алматы қаласы мәслихатының қарауына ұсынылды.

Другие новости

Back to top button