Алматы

Алматыда концертке келген көрермендер 94 мың гүлді таптап кеткен

Қала күніне арналған Gakku Дауысы концертінің көрермендері 94 мыңға жуық гүлді таптап кетті, деп хабарлайды Алматы әкімдігі.

Шығын сомасы 13 млн теңгеден асқан – біржылдық, көпжылдық бұталар мен гүлдер, оның ішінде қаланың жақын маңдағы гүлзарындағы раушандар жойылды.

Барлығы 94 мыңға жуық гүл тапталған, соның ішінде 913 шаршы метр – біржылдық өсімдіктер, 326 шаршы метр – көпжылдық өсімдіктер. 117 шаршы метр – раушан гүлдер.

Алмалы ауданы әкімдігінің мәліметінше, 13 орындық, 1 жарық бағанасы, гранит урнасы мен екі камера қираған.

«Осыған байланысты Алматы қаласының әкімдігі еліміздің мәдени орталығы саналатын мегаполистің тұрғындары мен қонақтарынан жасыл желектерге және гүлдерге ұқыпты қарауды, сондай-ақ қаланы абаттандыру және көгалдандырумен айналысатын қызметкерлердің еңбегін құрметтеуді сұрайды», — деп мәлімдеді әкімдік.

Келтірілген залал қала әкімдігінің күшімен қалпына келтіріледі – жаңа өсімдіктер қысқа мерзімде отырғызылады.

Күн сайын қала аумағын суару мен көгалдандыру жұмыстарына 300-ге жуық маман мен 80-нен аса арнайы техника жұмылдырылады.

Айта кетері, Gakku Dauysy-2022 фестивалі қала күнін мерекелеу аясында Алматыдағы «Астана» алаңында өтті.

 

Другие новости

Back to top button