Алматы

Алматыда көлік ұрлады деген күдікпен ұсталған адам полицейлердің қызметтік көлігінде өзіне қол салды

Алматыда көлік ұрлап қолға түскен күдікті ер адам полицейлердің қызметтік машинасында өзіне қол салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.

Оқиға Алматының Жетісу ауданында болды. Ер адам тергеу тобының көлігінде өз-өзіне қол салған.

«Қайтыс болған 43 жастағы И. есімді азамат өзінің танысының «Тойота» автокөлігін ұрлады деген күдікпен ұсталған. Сараптама қорытындысына сәйкес, марқұм мас болған. Мән-жайлар анықталуда», — деп хабарлады ведомстводан.

Другие новости

Back to top button