Алматыда жеті жасар қызды анасының көз алдында қағып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынды

Алматыда өткен аптада жеті жасар қызды анасының көзінше қағып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қала прокуратурасы жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс бойынша «Renault» жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішін қолдады.
«Новая-Бурундайская көшелерінің қиылысында жүк көлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан жеті жасар қызды қағып кетті, бала сол жерде көз жұмды.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданааралық тергеу соты жүргізушіге қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады.
Баптың санкциясында 5 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», — делінген қалалық прокуратура хабарламасында.
Айта кетейік, оқыс оқиға 2 сәуір күні болды.