Госорганы

Алматыда жемқорлық жасаған экология саласының лауазымды қызметкерлері ұсталды

Олардың заңсыз әрекетін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әшкереледі

Алматыда жүйелі түрде жемқорлық жасаған экология саласының лауазымды қызметкерлері ұсталды, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Қалалық Экология және қоршаған орта басқармасы басшысы орынбасарының заңсыз әрекетін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әшкереледі. Ол автокөліктерге экологиялық мониторинг жүргізуге қатысты құжаттарға қол қою үшін  кәсіпкерлерден 12 млн теңге пара алған.

Сондай-ақ, «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи парк» басшысы қолға түсті. Оның ағаштарды санитарлық бұтау, кесу бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны үшін 1,5 млн теңге алғаны белгілі болды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Другие новости

Back to top button