Алматы

Алматыда жануарды аяусыз ұрған әйелдің әрекеті желі қолданушыларының ашуын туғызды

Алматыда әйелдің жануарға қатыгездік танытып, ұрған бейнежазбасы желіде таралып, қолданушылардың ашуын туғызды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

 

3 шілде күні Алматыдағы демалыс саябағында әйелдің пониді жүрмегені үшін аяусыздықпен ұрып жатқаны байқалды. Ол өз әрекетін жануарды тәрбиелеу мақсатында жасаған көрінеді.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Горький саябағында болған, онда балалар жануарларға міне алады.

Полиция тексеріс тағайындады және заңнамаға сәйкес шаралар қабылдауға уәде берді.

Другие новости

Back to top button