Алматы

Алматыда жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді

Осы бейсенбі, сағат 11:00-де Алматыда жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мегаполис тұрғындары мен қонақтарынан түсіністікпен қарап, сабыр сақтауды сұрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала ұйымдарында сейсмикалық оқу-жаттығулар тоқсан сайын өткізіледі. Бірінші тоқсанда 2,8 мыңнан астамы орындалды.

 

«Сейсмикалық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – тұрғындарды эвакуациялау жолын, қауіпсіз жерлерді алдын ала анықтап, апат кезінде қажет чемодандарды дайындауы үшін қала тұрғындарының төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру».

 

Қауіпсіз орындар – электр желілері мен ғимараттардан алыс орналасқан ашық жерлер.

Жалпықалалық сейсмикалық дайындыққа алдын ала дайындалыңыз. Мысалы, теле-радио арналарда хабарландыру басталып кетті, алматылықтар оқу-жаттығу эвакуациясы туралы ақпараттандырылады, ұсыныстар берілді.

«Сейсмикалық оқу-жаттығу өтетін күні сиреналық қондырғыларды іске қосу, теле және радиоарналар арқылы қалалық ескерту жүйесі іске қосылады, «Darmen» мобильді қосымшасы арқылы push-хабарламалар жіберіледі», — деп хабарлады ТЖД.Алматы 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан. Жыл сайын қалада 200-ге дейін әлсіз, сезілмейтін жер сілкінісі болады. Бұл ретте күші 2-ден 4 баллға дейінгі жер сілкінісі Алматы үшін фондық режим болып саналады. Сейсмология институтының болжам комиссиясының мәліметінше, жыл соңына дейін қалада 7 және одан да көп баллдық жер сілкінісі болмайды. Сондықтан жүргізіліп жатқан қалалық сейсмикалық дайындық жер сілкінісі болады деген болжамға байланысты емес.

 

Другие новости

Back to top button