Алматы

Алматыда изолятордан екі күдікті қашып кеттті

Алматыда бірнеше рет сотталған күдіктілер уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті. Полиция оларды бірден ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

13 қазанда әлеуметтік желіде 29 және 30 жастағы екі ер адамның полиция департаментіне қарасты уақытша ұстау изоляторы аумағынан қашып кеткені туралы ақпарат тарады.

Жолда ұзын-сонар кептеліс пайда болды. Өйткені тәртіп сақшылары әрбір көлікті тексерді.

Алматы қалалық полиция департаменті екі күдіктінің қашып кеткенін растады. Бірақ екеуі де сол күні ұсталды.

«Алматы қалалық полиция департаменті аталмыш деректің тіркелгенін хабарлайды. Арнайы іс-шара барысында қашқындар бірден ұсталды», — делінген ресми хабарламада.

Екі айыпталушы да бұрын бірнеше ұрлық жасағаны үшін сотталған болатын.

Другие новости

Back to top button