Алматы

Алматыда Гүлмира Сатыбалданың соты басталды

Басты сот отырысы Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр. Гүлмира Сатыбалдадан бөлек оның жүргізушісі Мәди Батыршаев та айыпталушы сотында отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тыңдаулар офлайн режимде өтеді.

Айта кетейік, алдын ала тыңдалым кезінде, айыпталушы Гүлмира Сатыбалды алқабилер сотына қатыспайтынын жеткізді.

Былтыр Гүлмира Сатыбалды біреудің мүлкін иемдену және жымқыру қылмыстық ісі бойынша 8 жылға бас бостандығынан айырылған. Сондай-ақ сот оған 10 жыл бойы коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқаруға тыйым салды.

Гүлмира Сатыбалды кәсіпорындардың қатысу үлесін заңсыз иемдену, соның ішінде адам ұрлаумен ұштасқан екі факті бойынша тергеуге алынған еді. Жәбірленушіге келген залал сомасы 6,6 млрд теңгеден асады.

Сондай-ақ, Гүлмира Сатыбалдының сотқа дейінгі тергеу кезінде шекара асып кетпек болған.

Алайда, ол айыптаулармен келіспейтінін айтып, әділ шешім қабылдауға өтініш жасаған еді.

Ал Қайрат Сатыбалды 2022 жылдың 26 қыркүйегінде қылмыстық ісі бойынша алты жылға сотталған болатын. 2024 жылдың басында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік оған қатысты тағы бір іс әлі тергеліп жатқанын хабарлады.

Другие новости

Back to top button