
Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға 1 наурызда таңертең «Манхэттен» тұрғын үй кешенінде болған.
Сондай-ақ желіде жарияланған видеода бойжеткеннің жүкті болғаны айтылады.
«Аталған факті бойынша Алмалы аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — делінген полиция хабарламасында.