АлматыГлавное

Алматыда бір отбасының 3 баласы жоғалып кетті

Алматыда бір отбасының үш баласы белгісіз жағдайда жоғалып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Балалар 25 қазан күні таңертең сағат 10.00 шамасында жоғалып кеткен. Соңғы рет оларды Алматының Думан шағын ауданында көрген, ал балалардың өздері Алматы облысының Талғар ауданына жататын Бесағаш ауылында тұрады.

Жоғалған балалардың әкесі Жанболаттың айтуынша, куәгерлер Арман, Иманғали және Ақеркені Думан шағынауданындағы дүкенде бәліш сатып алғанын көрген, содан бері оларды ешкім көрмеген. Ақерке қызыл, ал ұлдар қара түсті күрте киген. Оларда телефон жоқ.

Алматы облысының полициясында ақпарат расталды. Құқық қорғау органдары толығырақ ақпаратты кейінірек беруге уәде берді.

Другие новости

Back to top button