Алматы

Алматыда базарға кеткен бойжеткен ұшты-күйлі жоғалып кетті

Алматыда «Алтын Орда» базарына кеткен бойжеткен жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аружан есімді бойжеткен 2006 жылы туған. Бойы – 180 см. Тікшашты, арықша келген.

«Кеше таңғы 10-да Алматыдағы үйінен шығып, «Алтын Орда» базарына кеткен. Отбасы оны іздеп, 17:00-де хабарласқанда телефоны өшірулі болды», — делінген хабарламада.

Егер Аружан жайлы қандай да бір ақпарат білетін адам болса, +7 707 550 53 05 нөміріне 102-ге хабарласуы керек.

Другие новости

Back to top button